СЫРТҚЫ КӨРІНІСІ
ДИЗАЙН
Жаңа Haval H6 GT-дің динамикалық сұлбасы барлық қырынан әсерлі болып көрінеді. Модель спорттық дизайнымен, төбесінің қиғаш сызығымен және жаңа радиатор торымен ерекшеленеді, бұлар оған заманауи, аэродинамикалық және сұсты спорттық келбет береді.
АРТҚЫ БӨЛІГІ
Кроссовердің артқы бөлігі ең заманауи технологияларға сәйкес жасалған, жолда жоғары тұрақтылықты және екпіндеуді қамтамасыз ететін екі аэродинамикалық спойлері бар. Haval H6 GT-дің тиімділігі жоғары ерекше жарықдиодты шамдары пайда болды.
ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРАЛАР
Жарықтығы жоғары автоматты матрицалы жарықдиодты фаралар тәуліктің қараңғы мезгілінде қауіпсіз және жайлы жүргізуді қамтамасыз етеді.
АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ
Автокөліктің акуланың қанаттарына ұқсаған алдыңғы бөлігі мен акуланың тістері стиліндегі тор көзді тор автокөлікке сұсты спорттық көрініс береді.
СПОРТТЫҚ СПОЙЛЕР
Спорттық артқы спойлер ауа ағынының бөлінуін реттейді және қозғалыс кезіндегі тұрақтылықты арттыра отырып, жерге қарай басу күшін ұлғайтады.
ИНТЕРЬЕР
ПАНОРАМАЛЫ ТӨБЕ
Екі секциялы панорамалы төбе сапардан жарқын әсер алуды қамтамасыз ете отырып, автокөлік салонын анағұрлым жайлы және кең етеді.
АТМОСФЕРАЛЫҚ КӨМЕСКІ ЖАРЫҚ
Түсін таңдау мүмкіндігі бар салонның атмосфералық көмескі жарығы жеке дара стиліңізді айшықтап көрсетуге көмектеседі.
ЖҮКСАЛҒЫШ
555 литрлік жүксалғыш көлемімен алыс саяхаттарға арналған барлық қажетті жабдықтар мен жүкті сенімді түрде жинап сала аласыз.
ЖАЙЛЫ ИНТЕРЬЕР
HAVAL H6 GT салонының стилі мен ерекше жайлылығы сізді бейжай қалдырмайды. Интерьердің барлық элементі бүге-шігесіне дейін ойластырылған және жүргізуші мен жолаушыларға барынша жайлы жағдайлар туғызады.
АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕКТРЛІ РЕТТЕГІШІ
Жүргізуші орындығының 10 электрлі реттемесі, жылытқышы және желдеткіші бар. Алдыңғы жолаушы орындығында да жылытқыш, желдеткіш және 4 электрлі реттеме бар.
МУЛЬТИМЕДИА
МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ
Haval H6 GT мультимедиа жүйесінің ажыратымдылығы жоғары 12,3 дюймдік сенсорлы экраны заманауи дизайн мен жоғары технологияларды бағалаушылардың талғамынан шығады.
Автокөлік Apple CarPlay және Android Auto байланыстарын қолдайды.
ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ
Алдыңғы әйнекке жүргізу кезіндегі жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыратын W-HUD түрлі түсті проекциялық дисплейі орнатылған.
СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ЖҮЙЕСІ
Әрдайым байланыста болыңыз, бар болғаны сымсыз зарядтауды қолдайтын телефоныңызды орталық консольдегі арнайы қуысқа қойыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІ
БЕЙІМДЕЛЕТІН КРУИЗ-КОНТРОЛЬ
Бейімделетін круиз-контроль жүйесі қауіпсіз қозғалу үшін автокөліктің оңтайлы жылдамдығы мен арақашықтығын сақтап отыруға мүмкіндік береді.
AEB ШҰҒЫЛ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ
Шұғыл тежеу жүйесі басқа көлік құралдарымен және жаяу жүргіншілермен соқтығысудан сақтануға көмектеседі, ықтимал соқтығысу туралы ескертеді.
КӨЗДЕН ТАСА АЙМАҚТАРДЫ БАҚЫЛАУ
Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі бүйірлік айналардың көріну аймағынан тыс бағыттас автокөліктердің бар-жоғын бақылайды және қозғалыс жолағын ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТҰРАҚҚА ҚОЮ
Haval H6 GT автоматты түрде тұраққа қою көмекші жүйесімен жабдықталған. Сізге автокөлікті мультимедиа жүйесінің экранындағы көмекші сөздер арқылы тұрақ орнына бағыттау ғана қалады.
ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ТАНУ ЖҮЙЕСІ
Жол белгілерін тану жүйесі (TSR) қауіпсіз жүргізуді қолдай отырып, аспаптар тақтасында шекті рұқсат етілген жылдамдықты көрсетеді.
DOW ЖҮЙЕСІ
Есіктерді ашқан кезде, соқтығысуды ескерту жүйесі (DOW) артқы бүйірлік радарларды қолдана отырып, автокөліктен қауіпсіз түсуді қамтамасыз етеді.
КҮШТІК ҚОНДЫРҒЫ ЖӘНЕ ТРАНСМИССИЯ
ҚОЗҒАЛТҚЫШ
Көлемі 2,0 литрлік, қуаты 204 а.к. және 320 Нм беретін жаңа 4N20 турбоқозғалтқышы Haval H6 GT-ді 100 км/сағ-қа дейін 9,3 секундтан аз уақытта үдетуге қабілетті.
7DCT ТРАНСМИССИЯСЫ
7DCT қосарлы ілінісуі бар дымқыл түрлі роботтандырылған 7 сатылы беріліс қорабы классикалық «автоматтың» жайлылығы мен акселератор педаліне жоғары жылдамдықпен жауап қатуды үйлестіреді.
Қозғалтқыш |
2.0T бензин, отынды тікелей бүрку және турбоүрлеу жүйесі бар |
Техникалық сипаттамалар | 1998 |
Қозғалтқыштың максималды қуаты, а.к./кВт/айн/мин | 204/155/6000-6300 |
Қозғалтқыштың максималды айналдыру моменті, Нм/айн/мин | 320/1500-4000 |
100 км/сағ-қа дейін жылдамдықты үдету, с | 9,3 |
Отын шығыны, л/100 км | 10,3/7,3/8,4 |
Максималды жылдамдық, км/сағ | 200 |
Экологиялық класы | Еуро 5+ |
Отын багының көлемі, л | 60 |
Орындар саны | 5 |
Шанақ түрі/шанақ конструкциясы | Кроссовер |
Жетек түрі | 4WD |
Беріліс қорабы | 7DСT |
Алдыңғы/артқы тежегіштер | Дискілі желдетілетін/дискілі |
Алдыңғы аспа | Тәуелсіз Macpherson |
Артқы аспа | Тәуелсіз екі иінтіректі |
Өлшемдері (ұзындығы / ені / биіктігі), (мм) | 4727 / 1940 / 1729 |
Дөңгелек базасы, мм | 2738 |
Клиренсі, мм | 186 |
Жабдықталған массасы, кг | 1725/1755 |
Жүксалғыш көлемі, л | 555 |