2030: Haval бензиндік автокөліктерден бас тартады.

2030: Haval бензиндік автокөліктерден бас тартады.

Haval – бензиндік автокөліктер өндірісінен гибридтер мен электрокарларға көшудің нақты уақытын көрсеткен бірінші қытайлық бренд.

Great Wall Motor Company 2025 жылға қарай Haval суббренді сатылымдарының 80 пайызын, ал 2030 жылға қарай 100 пайызын гибридтер мен электрокарлар құрайтынын мәлімдеді.

Бұл үшін GWM технологияларды дамытуға 100 млрд юань (6,8 триллион теңге) инвестиция салады. Жаңа бағытқа баса көңіл аудару үшін марка жаңартылған логотипті ұсынды. Концепциялық тұрғыдан ол бұрынғы қалпында қалды, дегенмен қаріп өзгертілді.

Неліктен Haval бензиндік машиналардан бас тартады?

Іштен жану қозғалтқыштары бар автокөліктерге қарағанда электрмобильдердің біршама экологиялық таза екені құпия емес. Әлемде балама энергия көздері неғұрлым көп болса, электрмобильдер де соғұрлым экологиялық таза болады.

Сонымен қатар Қытайда бензиндік машиналарға сұраныстың азайғаны байқалып жатыр, сатып алушылар жаңа энергия көздерімен жұмыс істейтін автокөліктерге жылы қарайтын болды.

Haval-дан қандай модельдерді күтуге болады?

Haval-да гибридтік технологияларға ерекше көңіл бөлінеді. Марканың модельдік қатарында үш гибридтік автокөлік ұсынылып қойған – Chitu (Red Rabbit), Shenshou (Mystical Beast) және H6S. Жақында оған жаңа өкілдер қосылады.

гибридный кроссовер Haval H6 с 2-ступенчатой трансмиссией DHT

Марка 2 сатылы DHT трансмиссиясы бар Haval H6 гибридтік кроссоверін таныстырып өтті. Оның қосылатын нұсқасының негізінде 1,5 литрлік ІЖҚ және жиынтық серпімі 326 а.к. және 530 Нм құрайтын электрлі мотор жатыр. Электрлік тарту күшімен жүру ұзақтығы жинақтамаға қарай WLTC циклі бойынша 55 км-ден 100 км-ге дейін әртүрлі болады. Брендтің өкілдері жылдың соңына қарай сатылатын «алтылықтардың» 40%-ы гибридтік көліктер болады деп сенеді.

Брендтің даму жолын әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыздан қараңыздар.

Басқа жаңалықтар

Алматыда кеңейе түсеміз!

Толығырақ

Haval Nurly Zhol: Астанада жаңа флагмандық дилерлік орталық ашылды

Толығырақ

Ең үздік HAVAL сату менеджерлері Қытай мемлекетінде

Толығырақ

Жеңіске бірге жетеміз!

Толығырақ

Қазақстандықтар 8,9 миллион теңгеге HAVAL Jolion кроссоверлеріне алдын ала тапсырыс бере алады

Толығырақ

GWM 2024 конференциясы Қазақстан үш жүлденің иесі атанды

Толығырақ